ҚҰРМЕТТІ КЛИЕНТТЕР МЕН ӘРІПТЕСТЕР! СІЗДЕРДІ AQUA-THERM 2015 КӨРМЕСІНЕ КЕЛУГЕ ШАҚЫРАМЫЗ

​Буран Бойлер компаниясы Сізді өндірілетін және сатылатын жабдықтар көрсетілетін біздің №11-98 стендті келіп, көруге шақырады.


 

 

 

Толығырақ...

«БУРАН БОЙЛЕР» ЖШС-тің 18-ші ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ДИЛЕРЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2015 жылғы 21 мамырда «АлтынҚарғалы» Алматы қ. шипажай-отелінің конференц-залында Буран Бойлер компаниясының 18-ші жыл сайынғы дилерлік конференциясы өтті.


Конференцияға «Буран Бойлер» ЖШС Бас директоры И.В. Тупиков, Маркетинг жөніндегі бас директордың орынбасары К.Н. Кучин, Өндіріс жөніндегі бас менеджер А.Г. Ким, Маркетинг бөлімінің, Жобалау департаментінің және Cервис департаментінің бастықтары, сонымен қатар Қазақстанның барлық жерлерінен келген дилер компанияларының 20-дан астам өкілі қатысты.  Дилерлер компаниясы үшін бұл ең соңғы ақпаратты алу, сондай-ақ өз сұрақтарын қою үшін керемет мүмкіндік болды.

Кездесу барысында қатысушыларға қазан жабдығы нарығының талдауы мен үрдісі ұсынылды, 2015 жылға арналған ауысымдағы сатулар мен жоспарлар саясатын дамыту туралы айтылды.

Сонымен бірге, конференцияның техникалық бөлігінде жаңалықтардың тұсауы кесілді: шағын қуатты қазандарының жақсартылған автоматтылығы, орташа қуатты қазандар сыртқы түрінің жетілдірілуі,  деаэраторларды әзірлеу бастамасы,үлгілі БМК әзірлеу, қазан экспорты бойынша жаңа өңірлер ашу.

Өз кезегінде дилер компанияларының өкілдері өздерінің өткен кезеңдегі табыстары мен жетістіктері туралы баян етті, «Буран Бойлер» шығаратын өнімді өңірлерде жылжыту тәжірибелерімен бөлісті және компанияның дилерлік саясатын дамытуға, баға белгілеуге және жеңілдіктерге қатысты мәселелерді талқылады. Арнайы жабдықты таңдау, суды химиялық шұғыл талдау, «Буран Бойлер» ЖШС-тің іске қосу-реттеу жұмыстары жөніндегі мамандарымен дилерлер компаниясының қызметкерлері біліктіліктерін арттыру бойынша келісімдерге қол жеткізілді.

Кездесу қорытындысында конференцияның барлық қатысушыларына авторландырылған өкілдердің, олардың өңірлерінің аумағында олардың құқықтары мен өкілеттіліктерін растайтын сертификаттар ұсынылды.

Подробнее...

«БУРАН БОЙЛЕР» КОМПАНИЯСЫ ТУРАЛЫ БЕЙНЕФИЛЬМ

Құрметті Клиенттер мен Әріптестер!

«Буран Бойлер» компаниясы туралы бейнефильмнің түсірілуі аяқталғанын хабарлауға қуаныштымыз.


Толығырақ...

Қойма және Логистика

Офис жиһазы

Құрылыс

Жылыту жүйелері