Қойма және логистика

"ЮСКО" –өз клиенттеріне халықаралық деңгейдегі қызметтерін ұсынады. Біз көптеген ірі компаниялармен көп жыл ынтымақтастықтамыз. Бізбен жұмыс істей отырып, Сіз Қазақстанның ең ірі қалалары – Атырауда, Астанада және Алматыда қойма қызметтеріне тапсырыс бере аласыз. Біз NESTLE, MARY KAY, PROCTER & GAMBLE, CHEVRON TEXACO, AGFA сияқты әлемдік өнеркәсіптік алыптармен және көптеген басқалармен ынтымақтастықтамыз.

 

Сіздің ыңғайлық үшін біз өзіміздің қойма үй-жайларымызды өнеркәсіптік аймақтардың орталығында орналастырдық. 

 

Біз қандай қосымша артықшылықтарды ұсынамыз?

  • Қоймаларды 24/7 режимінде күзету
  • Жылдам интернетке деген тәуліктік рұқсат
  • Өрт қауіпсіздігі
  • 12 аналогты телефон желілері (АТС Samsung 60)
  • Бейнебақылау жүйесі
  • Тиеу-түсіру жұмыстарына арналған жабық алаң

 

Сондай-ақ Сіздердің пайдалануларыңызда:

  • Кеңсе үй-жайлары
  • Жүк машиналары мен темір жол поездары кіре алатын қойма кешені
  • Ірі габаритті жүктер мен контейнерлерді сақтауға арналған ашық алаң
  • Асфальтталған аумақ
  • 500 кг-дан 25 тоннаға дейін көтеру қабілеті бар жүк көтеру жабдығының көп саны, оның ішінде: қол домкраттары, шанышқы көтергіштер (электр, газ, дизелді, бензинді)

 

"ЮСКО"-мен ынтымақтастықта бола отырып, Сіз өзіңіздің тауарыңыз уақтылы және қатаң көрсетілген мекенжай бойынша жеткізілетініне сенімді бола аласыз.

 

Біздің мамандар Сізге тек тауарды орналастыруға ғана емес, сонымен бірге барлық қажетті құжаттарды ресімдеуге және өнімді Қазақстанның кез келген жеріне жеткізіп беруге көмектеседі.

 

"ЮСКО"-да Сіз мыналарға тапсырыс бере аласыз:

  • Қарапайым кеден қоймаларындағы және сақтау қоймаларындағы операциялық жұмыстар
  • Вагондар мен контейнерлерді терминалды өңдеу 
  • Кеден брокерінің қызметтері
  • Клиенттің тауар-материалдық қорларына қойма есеп жүргізу және бақылау
  • Тиеу-түсіру жұмыстары
  • Брак өнімдерін қайта буу және жою 
  • Тауарларды Қазақстан бойынша тасымалдау

Қойма және Логистика

Офис жиһазы

Құрылыс

Жылыту жүйелері